Ескі архив · 10.02.2011 13:52

Кәріс сериалдарында кездесін 30 пункт.

Кеше «Голливуд боевик»теріндегі қателіктерді оқып, мына кәріс сериалдарындағы кездесетін(қайталана беретін) қателіктер есіме түсіп кетті. Сіздерде мұны «бір жерден» оқыған болуларыңыз мүмкін, сонда да жаза кетейінші. 1. Жас, сымбатты, бай жанұяның балалары өздерінен үлкен, ұрысқақ, тола қыздарға ғашық болып қалады. 2.Сенің досың болады, ол саған сен оған жарысың ғашықсыңдар. 3.Ағайындылар, жиендер, нағашылар әйтеуір бір қызға ғашық болып қалады. 4.Бәрі қатерлі ісікпен ауырады. 5.Ғашық болып қалған жігітіңнің н/е қызыңның отбасы әйтеуір сенің отбасыңа жамандық істеген болып шығады. 6.Егер сен байдың баласы болсаң, сен нақұрыссың. 7.Егер сен кедей болсаң-сен періштесің. 8.Әйелдері бетіндегі косметикасымен ұйықтап, косметикасыпен оянады. 9.Қатты жігерленіп сабақ оқыса н/е жұмыс істесе мұрындарынан қан кетеді. 10.Мұрыннан қан кетсе, онда ол адамда қатерлі ісік. 11.Сен жігітіңді есімімен емес, қызметіндегі лауазымына байланысты атайсың. 12.Егер жігітің екеуің бір-біріңді шынайы сүйсеңдер, онда соңында міндетті түрде бірге өлесіңдер. Кәдімгі адамдар сияқты баспана іздеп, табудың орнына далада, суықта тоңып өлулерің шарт. :D 13.Егер Америкаға оқуға кетсең, супер-табыскер болып қайтасың, ал Англияға барсаң -сәнқой болып қайтасың, ал Кореяда оқуда қалсаң, бар өзгерері, ол-сенің шаш үлгің. 14.Егер сен жаңбырдың астында 5 минуттан артық тұрып қалсаң, онда сенің дене қызуың көтеріліп, қалтырай бастайсың. Сосын жедел жәрдем шақырып, ауруханаға апарудың орнына, сені жігітің арқасына арқалап апарады. 15.Қанша тақыр, кедей болсаңда сен қайталап бір киімді кимейсің. 16.Егер сен кедей баланың рөлін сомдасаң, онда міндетті түрде бетің кір, шашың үрпе-түрпе болады. 17.Егерде сен біреуді машина соғып кетудең(н/е т.б соққылардан) құтқаратын болсаң, оны итеріп жіберіп, құтқарасың да, ал өзің сол машина сені соғып кетуін күтіп тұрасың. 18.Барлық кейіпкердің жоғалған әпкесі, ағасы н/е егізі болады. Оны кейін, арада бірнеше жыл салып біледі. 19.Кәріс жігіттері әдетте көп ішеді, шегеді, сонымен қатар ән айтады, пианинода ойнайды. Олардың ресторандарында бәріне пианиноға ойнауға рұқсат бар. 20.Аэропортта, бір жақтан ұшып келсең, сенің көзінде міндетті түрде күнге қарсы киетін көзілдірік болады. Міндетті түрде! 21.Егер қыз ашуланса, ол қашып, жігіті тоқтатпағанша жүгіре береді. Содан жігіті тоқтатып, жеңінен шап беріп ұстап қалады. 22.Жігіттері үнемі ұзын болады. 23.Жігіттері опа, далап, подводка қолданғанды ұнатады. 24.Ғимаратта 6 түрлі лифті бар болсада, сен тура барып, өзің жек көретін нақұрыспен(кейін жақсы көріп кететін) бір лифтінің ішінде қалып кетесің. 25.Сен байып, аяққа тұрып кеткенше сені қалындығыңның н/е болашақ жарыңның әке-шешесі сені жек көретін болады. 26.Әпкесі де. 27.Ал, болашақ жарыңның ағасы н/е інісі сені сағынып өліп жүреді. 28.Оларда сүйісудің екі-ақ түрі бар. Бірі ынғайсыз жағдайда, күткепеген жерден сүйіп қалу, екіншісі жай ғана жабық ернінің үстінен сүйіп алу. 29.Жігіт әрдайым қыздың саусағына тура келетін жүзік сатып алады. Саусағының өлшемін білмеседе. 30.Бас кейіпкердің әкесі бай болса, мейірімсіз келеді. (бәрінде емес әрине, бірақ көбіне солай).
Авторы:
Erkekyz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту