Ескі архив · 10.02.2011 17:23

Жауғашбай батыр

Қазақ пен жоңғардың арасының ушығып тұрған кездері болса керек. Қойы қоралас, малы аралас жатқан екі елдің арасы суынып, бір-бірін көрсе «аттандайтын» дәрежеге дейін жетіпті. Бейқам жатқан қазақ ауылына жер қайысқан жоңғарлар легі жақындап қалыпты.Хабаршы «алты төбенің астында жер қайысқан қол келеді,қол болғанда да мол келеді»дегенде елдің игі-жақсылары Жауғашбай батырға қарапты.Жауғашбай болса, сандықтағы ақ сауытын алдырып, кермедегі Кер атын ерттетіп, керегедегі ақ найзасын қолына алыпты.Өзіне соншалықты сеніммен қарап тұрған халыққа: «Неменеге бақырайып отырсыңдар,Қашпаймыз ба?»-депті. ПыСы: Кішкене әзіл тастай отырайық. Әңгімедегі батырдың аты біреудің жеті атасындағы батырдың атымен аталса жәй ғана сәйкестік деп біліңіздер.
Авторы:
Abilakim

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту