Блог Құрылтайдың 9 ережесі
1. Блог Құрылтайға қатысушылар шақырылмайды. Тек құлақтандырылады.
2. Қатысуға ниет танытсаңыз, аты-жөніңіз бен презентация тақырыбын тіркеу формасында көрсетуіңіз шарт.
3. Блогыңызда, twitter-де т.б. жолдармен “ Блог құрылтай” тыныс-тіршілігін баяндап жүріңіз. Әрі #blogquryltai2011 деген ілмекті қолданыңыз.
4. Барлық айтылар әңгіме Блог құрылтайға қатысты болуы тиіс.
5. Бір уақытта қолда бар мүмкіншіліктерге қарай мейлінше көбірек презентация болғаны мақұл.
6. Күні бұрын жоспарланбаған презентациялар мен кезбе кісілерге жол жоқ.
7. Презентация қанша уақытты керек етсе (яғни 20 минут), сонша уақытқа созылады әрі қарай кезекте өзінен кейін тұрған презентацияға орнын босатады.
8. Блог құрылтай тәрізді Camp түріндегі жиынға алғаш қатысып отырсаңыз, міндетті түрде презентация жасауға тырысыңыз (бұл, әрине, міндетті шарт емес, бірақ мүмкіндігінше солай істеуге тырысыңыз, не болмаса сұрақ қойып, “BlogCamp: Блог құрылтай” жұмысына белсене атсалысыңыз).
9. Блог құрылтайдың жақсы өтуі тек қана өзіңізге байланысты екенін ұмытпаңыз!
пысы. әзірлеуге жәрдемдескен Нұрғисаға рахмет! Ал, енді сұрақтарыңызды қарша боратсаңыздар болады
Мақала сілтемесі: http://urimtal.wordpress.com/2011/02/11/%d0%b1%d0%bb%d0%be%d0%b3-%d2%9b%d2%b1%d1%80%d1%8b%d0%bb%d1%82%d0%b0%d0%b9%d0%b4%d1%8b%d2%a3-9-%d0%b5%d1%80%d0%b5%d0%b6%d0%b5%d1%81%d1%96/
