Сен қандай журналистсің?
Журналистің түр-түрі бар. Политехті бітіріп, он жыл зауытта істеп жүріп журналист болып кеткен инженер. Ән айтып жүріп, екі сөздің басын қоса алмаса да бағдарлама жүргізіп, өзін-өзі журналистпін деп жүрген “ журналис”. (Соның бірі Азияданың ашылуында бүкіл елді дүрліктірді). Журфакты бітірсе де, есі дұрыс дүние жаза алмайтын журналист. Керісінше басқа саладан келсе де он жыл оқыған журналистіңнің аузын айға қаратып кететін мамандығы мұғалім, қазіргі журналист. Осылай кете береді.
Өмірдің өзі көрсеткендей журналистікті оқудың қажеті шамалы. Табиғи талант, жазуға құштарлық басқа маман иесі болсаң да бәрібір журналистикаға алып келеді. Егер талантың тас жарып тұрса, қалтасында табақтай журналист деген дипломы бардың өзін аузын айға қаратып кетесің. Бірақ бір нәрсе бар. Таза журналист болу. Қазір журналистер жаза алмайды, айта алмайды, сауатсыз журналистер көп, журфак білім бермейді деген пікір көп. Рас, қазір журналистика былығып кетті. Ботқа сияқты. Кім-көрінген жүр.
4-5 журналисті танимын, тек фуршет, пресс-тур, пресс-ланч сияқты тамақ ішетін жерлерде жүреді. Сыйлық, тамақ бермейтін жерлерден кетіп қалады. Ана жерде тамақ береді екен десе гу етіп сонда жөнеледі. Сыйлық жетпей жатса шу шығарып, таласып жатқаны. Басты мақсат оқырманға керек ақпарат емес, сыйлық алу. Осылардың ешқайсысының мамандығы журналист емес. Бірі дәрігер екен, кешкісін жедел жәрдемде істейді. Бірі жаңағы политехті бітірген инженер. Жұмыссыз қалған соң, журналист болып кеткен. Осындайлар көп. Кей жерге барғанда компаниялардын пиар менеджерлері ой осы журналистерді -ай тоймайды деп жатады. Жаңағылардың ісі. Көбі қойшы өз мамандығыма кете салам деп ойлайды. Осыны көріп қазір дастарханға қалып, біреудің қолынан сыйлық алуға ұяласың. Журналистер аш екен деп айтпасын деп, кері бұрыласың.
Политехті бітіріп, журналист болып жүргеннің бірі менімен істейді. Қарапайым дүниелерді білмейді. Бүгін таң қалдырғаны Алтынбек Сәрсенбаевты тірі деп ойлайды екен. Қай жақта елші болып жүр дейді. Амал жоқ отырып қазақтың біртуар азаматын қай жаққа «елші» ғып аттандырып жібергенін түсіндіруге тура келді. Одан кейін ух деп отыра берсем сайттардың бірінен сумаң етіп «Амантай-кажы выдвинул свою кандидатуру для участия в президентских выборах» деген ақпарат шыға келді. «Аттан» дей жаздап барып оқып қалсам «На данный момент выдвинули свои кандидатуры три самовыдвиженца Уалихан Кайсаров, Салим Отен, Уалихана Кайсаров. Кайсаров выбыл из гонки, не сдав экзамен по госязыку. Второй должен пересдать документы в ЦИК из-за неявки на экзамен. Успешно экзамен на знание казахского языка сдал Уалихана Кайсаров» деген түсініксіз сөйлем жүр арасында.(http://news.mail.ru/inworld/kazakhstan/politics/5300534/) Түсініксізі Қайсаровтың екеу болып жазылып, біріншісінің мемлекеттік тілдің емтиханынан өтпей қалғаны, ал екінші Қайсаровтың яғни Уалихана Қайсаровтың емтиханды сәтті тапсырғаны. Сонда, Қайсаров қанша адам болып түскен сайлауға. Мына ақпаратқа қарасақ екеу. Тағы бір жанбағар инженердің ақпараты меніңше.
Журналистика жұмыссыздар айналысатын тірлік емес қой. Қоғамға ақпарат тарату, қоғамдық пікір қалыптастыру, оқырманға ой салу т.б еріккеннің ермегі емес. Әрине басқа сала мамандары келмесін демеймін. Келсін, бірақ бөтен ой, бөтен тірлікпен журналистиканы былғамаса екен.
Айтпақшы, қарап отырсам қазіргі журналистің мынша түрі бар?
Журфакты біткен, мамандығына адал, талантты нағыз журналист
Журфакқа теледидарағы жүргізушілердей атақты болсам деп армандап, байқамай түсіп кеткен, бірақ талантсыз, дарынсыз, аты бар заты жоқ журналист
Журналистикаға басқа саладан келген мамандығы -инженер, бірақ таланты бар, жазуы тастай «журналист»
Талант да, дарын да жоқ, мамандығы басқа, журналистиканы пайдаланып жүрген жанбағар.
Сен қандай журналистсің? Екінші мен төртінші болсаң қайқай, журналистиканы былғамай.
Мақала сілтемесі: http://azanbekov.wordpress.com/2011/02/10/%d1%81%d0%b5%d0%bd-%d2%9b%d0%b0%d0%bd%d0%b4%d0%b0%d0%b9-%d0%b6%d1%83%d1%80%d0%bd%d0%b0%d0%bb%d0%b8%d1%81%d1%82%d1%81%d1%96%d2%a3/
