Ескі архив · 11.02.2011 17:11

Әулеттің сиқын бұзған әлеуметтік желі

Мынау М-Агент деген бәлеге байланғандар көп-ақ, байқасам. Өткен жолы бір таксиге отырсам, көлік жүргізуші көлігімен бірге қалтафонын да «айдап» келеді. «Тюң-тюңг»… О, бір хабарлама келді. «Фшть»… жолдаманың иесіне жауап та жол тартты. Бұған деген тәуелділігі алдында оның санасы қауқарсыз… Аттың басын жібердім… Әлеуметтік желінің әлегі бір әулеттің әрін кетірді. Бір танысымның күйеуі ауысымдық әдіспен жұмыс жасайды. Бір ай үйде болса, келесі айы — түзде. Әйелдер әдетте телефон тексеруге құмар келеді ғой… кіріс — шығыс жолдамалар, агент… Тап-таза. Мұжығының мүлт кеткен тұсы жоқ. Содан әлгі қыз үйіне интернет желісін қосады. Жәймен ғаламтордың сырына қаныға бастайды. Содан не керек, күйеуінің электронды поштасын тексеріп отырып, сол жердегі «Архив М-Агент» деген бөлімге кіріп, «көзі ашылады». Бұл бөлімнің құдіреттілігі — агент арқылы мейлі ойда тілдес, мейлі қырда отырып тілдес, мейлі қалтафон, мейлі компьютер арқылы болсын, барлығы осы жерде сақталып қалады екен. Ал, күйеуі қалтафондағы жазбаларды өшіргеніне мәз боп, оңды-солды арақатынастарына айғақ болар жазбаларды түбегейлі жойдым деп ойлап жүрген. Өтіріктің арты — бір-ақ тұтам. Әлгі құрбым бет қаратар емес. Енді қайтып күйеуін көргісі жоқ. Меніңше, бұл бір ғана жағдай емес сияқты. Әлеуметтік желінің коммуникативтік қызметінен өзге, араға іріткі салатын қасиеттерін де көп көріп жүрміз. Бірақ өз басымда агент арқау болған бір оқиға орын алды. Ол туралы сәл кейінірек…
Авторы:
alisha

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту