Ескі архив · 14.02.2011 10:36

Ораздың Аршаты отызда!

Киелі өңір Ойылдың бір бөлшегі Жекендінің бір ерекше туған ұлы Аршат ордабұзар отыз жасқа келді бүгін. Аршаттың жеткен белесіне, жетістігіне разымыз. Әлі болашағы алда! Бағындырар белестері мол болатынына толық сенімдіміз! Жұлдызың жарқырап жана берсін Аршат! Туған жеріңнің тілегі деп қабыл аларсын, тілекшіміз әрқашан! Оразов Аршат Мұратұлы 14 ақпан 1981 жылы Жекенді ауылында туған. Үш жасынан бастап оқу-жазу білетін Аршат 5 жасында 1-сыныптың соңғы тоқсанына қабылданып, келесі жылы 2-ші сыныптан 3-ші сыныпқа аттап кетті. Облыстан шыққан алғашқы вундеркинд атанды. Жоғары білімді. Түркияның Эскишехир қаласындағы Анадолу Университетін бітірген. 2006-2010 жылдары Ақтөбе облыстық әкімдігінің «Ақпараттық жүйелер және технологиялар орталығында» бас инженер қызметін атқарды. Қазір Республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің веб-сайт шығармашылық тобында программист болып істейді.Спорт тақырыбындағы мақалалары «Ақтөбе», «Алтын Орда», «Жас алаш» газеттерінде жарияланды. «Ақтөбе» футбол клубының «13-сектор» жанкүйерлер бірлігінің құрушысы.Интернетте бірнеше жобаның авторы. «Ақтөбе», «Актюбинский вестник», «Алаш айнасы», «Егемен Қазақстан», «Мұқағали журналы», «Замандас», «Намыс» сайттарының құрушысы. Қазақ интернетіне зор үлес қосып жүрген азамат.
Авторы:
ErNur

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту