Ескі архив · 15.02.2011 09:20

Әз-ағаның батасы арман еді...

Әзілхан аға қайтыс болыпты, 89 жасында. Шымбұлақта шаңғы теуіп, адреналинге тойып кеп, тв қарап жатқам. Қазақстан арнасы жаңалықтардан жылт еткізгенде, тойға дейін шыдамадыңыз ба деп күбірлеппін, есі ауған адам сияқты. Қасымдағы інім аң-таң тойы несі деп. Той демекші жаздың соңында бір мәселеге пікір керек болып Әзілхан ағаға қоңырау шалғам. Жас қыз көтерді, ата ма қазір деп трубканы Әзілхан аға бере қойды. Жөнімді айтып жатырмын, Қазақпараттан, Ерболмын, журналистпін деп. -Ә, Ербол шырағым менің кейіпкерім аттас екенсің, бұл ат маған ыстық, журналист екенсің, екеумізде ортақ нәрсе көп сияқты,-деп бастады әңгімесін. Бұйымтайымды айттым. Өкінішке орай отказ. Ол мәселе туралы пікір айтатын жастан кеттім деді. Мақұл дедім. Пікір айтпағанына өзі ыңғайсызданып тұр. Көне көз адамдар осындай ғой. Атым бар, атағым бар демейди. Кәдімгідей ыңғайсызданып тұр. Қазіргінің кейбіреуі болсыншы, жоқпен бірге трубканың дың, дыңын ғана естіп қалар едің. Басқа не бұйымтай деді. Ойыма жақында өткен інімнің тойы сап ете түсті. Той басталғанда үлкендердің бата беретіні бар ғой. Інімнің тойында бата бермей қалған бір атамыз өкпелеп, той біткен соң шу шығарғаны бар. Менің орным еді, ана шал кім бата беретіндей деп. Сіз жыл сайын бата беріп жүрсіз, басқаларда берсін деп біз әлекпіз. Сол тойдан соң ойға келгем. Үйленсем, тойымда туыс аталарым «демалады» деп. Орнына жазушы, журналист па аты бар аталарымның бірін шақырып, батасын алам деп. Әзілхан ағаның бұйымтай сұрағанда осы есіме сап ете түсті. Аға тойыма кеп бата беріңізші дедім бірден. Бұйырса үйленсем деген ойым барын, сол тойға кеп қонақ болып, бата берсеңіз деп түсіндіріп жатырмын. -Жарайды айналайын, деді аға. Осы келіссіммен трубканы қойдық. Мәзбін. Көз алдыма көлбеңдеп тойдың көрінісі келіп жатыр. Махаббат қызық мол жылдардың авторы, әйгілі жазушы бата берген жан бақытты ғой деп әлі болмаған дүниенің бақытына басым айналып жатыр. Кейін көп шараның бірінде кездесіп қалдық. Жүгіріп барып жөн айттым. Аманымды алып, есіне түсіріп жатыр.Тойды тездет деп қалжыңдап қояды, арқадан қағып. Өкінішке орай сол тойды тездете алмадық. 2011 -дың бюджетіне енгізіп, не жаз не күз деп жүр ек. Әзілхан ағаны оған жеткізбеді, мына қыс. Жатқан жеріңіз жанатта болсын! Сіздің тойдағы батаныңыз мен үшін үлкен арман еді. Той туралы ойласам, көз алдыма көлбеңдеп сіздің бата беріп жатқан сәтіңіз келетін. Амал қанша. Мақала сілтемесі: http://azanbekov.wordpress.com/2011/02/14/%d3%99%d0%b7-%d0%b0%d2%93%d0%b0%d0%bd%d1%8b%d2%a3-%d0%b1%d0%b0%d1%82%d0%b0%d1%81%d1%8b-%d0%b0%d1%80%d0%bc%d0%b0%d0%bd-%d0%b5%d0%b4%d1%96/
Авторы:
Erbol

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту