Ескі архив · 17.02.2011 00:43

Сіз кімсіз, Николай петрович мырза?

— Жәке, осы сен кім болып істейсің? — Николай петрович болып істеймін. Жайша сұрадың ба? Елден ерекше болып тұрған аталмыш Коля ағай тізімдегі қызметтердің һәм қызметкерлердің қайсысына жататыны мен үшін бір жұмбақ болып тұр. Елден ерекше дегенім — тізімдегі жалқы есім сол кісіде ғана. Басқаларда кәдімгі қала телефон болса, бұда — қалта телефоны. Не кім болып істейтіні, қай мекемеде істейтіні де жазылмаған екен. Әкесінің аты «петрович» деп кіші әріппен жазылғаны тағы бар. Опшым, жоғарыдағы диалогтан басқа кәментім болмай қалды. Содан, осыны суретке түсіріп алып, сендердің «ПрожекторПэрисХилтондарыңа», тойыс талқыларыңа ұсынып отырмын :))
Авторы:
omarbirat

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту