Ескі архив · 18.02.2011 14:58

Құрылтайдан бұрын "қотырды қасу" керек

Уордпресті қазақшалау туралы жазылғанымен, алғашында қазақшаға аударғанымен, кейінгі өзгерістерден соң блогтардағы сөздер қайта ағылшыншаға ауысып кетеді. Үнемі бақылауға алып отырмасаңыз, блогыңыздың тілі шала болады. Блог құрылтайда талқылайтын нақты мәселелерден бұрын блогшылардың блогтарының тілі толықтай қазақша болғаны маңызды мәселе сияқты. Біреудің қотырын басқа біреу қасып беруші ме еді?! Белсенді болғандарыңыз өздеріңіз үшін, кк.уордпрессшілер. Мына жерге өтіп, қазақшалауға болады, егер немқұрайлы қарамасаңыздар.
Авторы:
Malimetter

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту