Ескі архив · 18.02.2011 15:54

ТЕРМИНатор: күтпеген стратегия

Жәй ғана сканер термині төңірегіндегі пікірталас көп жайдың бетін ашып берді. Біріншіден — бірұдай пікірдің болуы мүмкін еместігі анық болды. Екіншіден, бұл енді аздап парадокс: терминді жариялы түрде талқылау — бәрібір жекелеген беделді арбитрдің «Осылай болад, бітті!» деген кесіміне зәру екен! Тәбет тамақ үстінде келетіні сияқты, талқылау технологиясын да өзгертуге тура келіп тұр. Келесі аптада, ұсыныстар мен аналитикалық ой-пікірлерді топтастыра бастамақпыз. Және тіл саласындағы кәсіби мамандардың да нобайы көрініп қалған сияқты, оларды пікірталастың плацкартынан салиқалы көзқарастардың VIP-купесіне көшіру үдерісі басталатын сияқты. Әйтеуір ең жақсысы — терминге ресми жауаптылар сияқты, кабинеттік талқылаудың, «Сабең біздің өз ағамыз, шал айтса — дәл айтад» сықылды көңілжықпастық қатынастардың бейшаралығын көрсетті. Соларыңыз үшін рахмет! Жаңалық күтіңіздер!
Авторы:
technosyndrom

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту