Ескі архив · 21.02.2011 00:48

Блог құрылтай өтетін орын

Жұма күні KIMEP-тегілермен кездесеміз деп уәделескенбіз. Олар Блог құрылтайға арнап 7 аудитория бөлінгенін айтты. Сосын кофе-брейк үстелдерін шайға арналға дастарханды қайда қоямыз жаямыз, оған удленитель қайдан аламыз үлкен шәйнекті қалай қайнатамыз, баннерді қайда ілу керек, оны кім, қалай іледі, қабырғаға плакат жабыстыру үшін кімнен рұқсат алу керек, аудиториядағы комптардың паролін кім береді, инет қосатын болсақ оны кіммен нақтылаймыз т.с.с. елене бермейтін бірақ маңызды жайттарды талқыладық. Бізге білінбесе де сыртымыздан үлкен көмек көрсетіп жүрген Фредерик пен Жаннаға үлкен алғысымды білдіремін!!!
Авторы:
urimtal

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту