Ескі архив · 21.02.2011 17:53

Жапон киносының 11-ші фестивалі

Алматыда Қазақстан Республикасындағы Жапония елшілігі, Олег Борецкийдің киноклубы және “Цезарь” кинотеатры бірігіп жапон киносының 11-ші фестивалін өткізгелі жатыр. Шараның мақсаты -жапон киносының түрлі бағыттағы (жер жүзіне танымал анимеден бастап, әлемдік деңгейдегі киносыншылар жоғары бағалаған терең мағыналы драмалық дүниелерге дейін) туындыларын көрсету делінген “Афиша” сайтында. Кинофестиваль 2011 жылдың 25-27 ақпанында “Цезарь” кинотеатрында өтеді. Фильмдердің барлығы жапон тілінде жүреді, орыс тілінде субтитрлар болады. Билет бағасы – 200 теңге. Фестивальдің кестесі: 25 ақпан (жұма) 19:00. Ашылу салтанаты. “Әрқашан: Үшінші Авенюдағы күнбатыс” фильмінің көрсетілімі 26 ақпан (сенбі) 16:00 – “Сиқырлы жаз” / 18:30 – “Кеткендер” 27 ақпан (жексенбі) 16:00 – «Линда, Линда, Линда» / 18:00 – «Ханаби» Жапондық киноға қызығушылық танытатындар үшін бұл фестиваль біраз әңгіме болады деп ойлаймын.
Авторы:
kerekkino

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту