Ескі архив · 22.02.2011 15:25

Керекинфоның құны

Жабығынан гөрі, ашығын айту керек — осындағы басым көп сайтқа жан-тәнімен телміріп отырады. Бәлкім, соншалықты қатты берілушілік жоқ та болар. Әңгіме өзегі өзгеде. Мәселен, керекинфоға сегіз сағаттық жұмыс уақытыңыздың бір сағаты кетеді делік. Аптасына бес, айына жиырма-отыз сағатқа барып жығылып жатады. Кейде жығылмай, қисапсыз адам-сағатты түзеп жатады. Күндік еңбекақыңыздың өтемі сегіз мың теңге делік. Сағатыңыз мың теңге. Бұдан белгілі болатыны, жоғарыдағы формулаға сай, керекиноның айлық құны (жұмысберушіңіз өтейтін) — жиырма-отыз мың төңірегінде (бір сағаттық жұмысыңыздың құны мың теңгені құрайтын болса). Жылдық құны, тиісінше, 240 000 — 360 000 теңге төңірегінде болады екен.
Авторы:
Nurgisa

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту