Ескі архив · 25.02.2011 17:13

Алматы. 26 ақпан. Сенбі күнгі кездесу

Уә аса құрметті һәм қадірменді алматылық блогшылар, блогшылардың басқа қалалардан келген блогшы дос-таныс-туыстары және жалпы Блогкемпке алыс-жақыннан көз тастап жүрген қауым! Ертең, яғни 26 ақпан күні /сенбі/ саған 18.30-да кезекті минибарымыз атышулы Арбатты «City» кафесінде өтетінін алдын-ала хабарлағым келеді. «City» Абылай хан даңғылы мен Жібек жолы көшелерінің қиылысында «Заңғардың» /ЦУМ/ қарсысында орналасқан. /Адрес деп алайсаңыз міне: Абылай хан 64/. Естігендеріңіз естімегендеріңізге айта жүріңіздер.
Авторы:
qisyq

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту