Ескі архив · 26.02.2011 16:22

Қош, махаббат (Ақбота Керімбекова)

Кірпігімнен үзіледі, Мөлдір шығы сағыныштың, Күн деміңмен құрғатшы келіп. Жүрек үнсіз күрсінеді, Жанарларым жалынышты. Алаңдаймын, күтемін сені… Қайырмасы: Қош енді, қош, махаббатым, Махаббатым-аманатым, Тұмар қылып сақта жүректе. Болмасақ та бірге енді біз, Бірге соғар жүрегіміз. Зарыға аңсап өткен күндерді… Қош енді, қош, махаббатым, Махаббатым-аманатым, Тұмар қылып сақта жүректе… Керек емес өзге ешкім, Тағдырыммен ерегестім, Кездестірген өте кеш сені. Қоштасуға қолым бармай, Қал деуге енді арым бармай, Қиналдым ау, жаным, кеш мені…
Авторы:
AKY

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту