Ескі архив · 28.02.2011 17:06

Билет жоқ ,әттең,қолымда....

Кейде ауылда қалған балалығымды сағынамын. Алаңсыз, беймаза шақ. Кешкі тамақты ішіп ап, қойдың алдына кетемін. Қойды ауылдағы аурухананың маңынан күтіп алушы ек. Үй мен екі ара біраз жер. Сол жерге жеткенше адымдап болашағымды болжап барамын. Түгел, түгел емес, түгел, түгел емес… Түгел болса, рахат. Қаннен қаперсіз ойынға кетесің. Әдетте «ши шығаратын» қошқарлар....Қыз қуу… Қыз қуған қошқардың соңынан сен қуасың...Әрбір үйдің қорасына дейін тағы адымдайсың; осында, мұнда жоқ, осында, мұнда жоқ… Кейде әп-сәтте табыла кетеді іздегенің… ондайда үнсіз ғана «картошка» ойнап жатқан тобырдың қатарына қосыла қоясың да, үйге қас қарайғанда бір-ақ келесің...қаңғыбас қошқарды іздеймін деп әбден шаршағансың… Кішкене күнімде құммен, балшықпен ойнағанды жақсы көруші ем. Көйлегімнің етегіне ылғал сазды саламын да, жұдырықтап түйіп, әлгіні соққылаймын. «Сиырым, сиырым, ту, ту» дейтін сиқыр сөздеріміз болатын. Жасап отырған нәрсеміздің печенье екенін біле тұра, неліктен «сиырым ту» дейтініміз маған жұмбақ. Әйтеуір, күтетініміз бұзау емес-тін. Балшықтан жасалған әдемі форманы шөптермен безендіріп, бір-бірімізге ұсынатынбыз. Менде ойыншықтың түр-түрі болатын. Бір басымда 20-дан аса доп болды. Ол кезде ойыншық кез-келген балаға қол жетімді емес-тін.Кеш болса, есіктің алды қыз-жігіттерге толып кетеді. Әрине, қайбір мені ойнатпаққа келеді дейсіз, көздегендері — доп. Обалдары не керек, қастарынан бір қадам тастамайтұғын. Екі топқа бөлініп ап, есіміз кеткенше ойнайтынбыз. Қашпа доп, черта, картошка, алты қаңылтыр… ал, қас қарая жасырынбақ, шпион мен полицей ойындарымен жалғастыратынбыз. Арамызда біреу қалаға барып келсе, міндетті түрде бізге таңсық ойын түрлерін үйреніп келетін… сөйтіп, оны да тәжірибеге енгіземіз. Әйтеуір көше бойы у-шу, азан-қазан боп жататын. Ал қазір...Құдай көпсінбесін, мен тұрған көшеде жүгірмектер жетерлік… бірақ… басқа… мүлдем өзге… оларды бүгін ештеңемен таң қалдыру мүмкін емес… баяғы біздің үйді топқа торуылдатқан қызылды-жасылды доптар да оларға таңсық емес… иә… солай…
Авторы:
alisha

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту