Ескі архив · 28.02.2011 09:38

Жұлдызым (Баян Нұрмышева)

Сөзі: Сәлім Жақыпов Әні: Баян Нұрмышева Жас кезімде үлкендерден есіткем, Бәрі-бәрі болады деп несіптен. Құдай қосқан қосағыңның өзі де Маңдайыңа жазылған деп бесіктен. Көрмесем де, білмесем де гүл-жүзін, Тағдыр маған қиған шығар бір қызық. Әуел бастан маңдайыма жазылған. Сен боларсың, сен боларсың жұлдызым! Енді саған келеді өзі ырыс-бақ, Ақ сәулені шашамын мен уыстап. Адам болып неге жүрем жер басып- Бір жұлдызды жаға алмасам дұрыстап?! ПыСы: Ән қысқартылған, сөзі аздап өңделген (әннің атын білмеймін). Толық өлең мәтіні алты шумақ.
Авторы:
sammita

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту