Хабарландыру
Мебель жасаймыз, қожайынмен арақ ішеміз. Тел.: 73-10-87
***
Авторитеті жоқ адамның жаназасында сапқа тұрамыз, «қарызы жоқ!» деп айқайлаймыз. Тел: 97-62-84
***
Бірге арықтаймыз! Бөлек семіреміз. Тел: 51-10-16
***
Мумие. Тел: 48-21-21
***
Мумия (Рамзес, Аменхотеп, Тутанхамон). Тел.: 48-21-22.
***
1 бөлмелі пәтер, жалға берем. Тел.:56-84-23
***
Берем. Тел: 73-76-20
***
«Жетпегір» қиын балалар мектебі. Таяқ тәрбиенің атасы, ал жұдырық – мақаны! Тел.: 96-71-45
***
«Тоқмейіл» АҚ өзінің жойылғандығы туралы жариялайды. Претензияларды кешеге дейін қабылдап болдық.
***
Жағымпаздануға арналған одалар, поэмалар. Алғашқы бес кісіге – екі шумақ тегін!
***
Чакраңды ашып, құдайға жақындатамыз, өмірдің мәнін түсіндіреміз.
***
Колхидон Діни Семинариясы. Білім нарығында – 2 000 жыл!
