Ескі архив · 04.03.2011 22:53

Астаналық маршруттар картасы

Осыдан үш-төрт жыл бұрын «Астанада жерүсті біррельсті пойыз жолға қойылады екен» деген әңгіме шыққан еді. Шығарса, жөн болар еді, ал әзірге екі көзі төрт (немесе мен секілділері төрт көзі сегіз :) болып) жерүсті пойызды күтпей-ақ, қоғамдық көлікті пайдалануды ыңғайлырақ ету мақсатымен жасалған кішігірім құралмен бөліскім келіп отыр (астаналық қоғамдық көлікті пайдаланушыларға). Сілтемесі мынау: maps.astana.kz/transport.html Сипаттап, орын/уақыт алмай-ақ кояйын, өздеріңіз барып көрерсіздер, менің мақсатым — бір керек инфомен бөлісу ғана:). Қысқаша айтқанда, ол сайтта бастапқы және барғыңыз келген аялдаманы енгізу арқылы қай маршрутпен, қанша теңге жұмсап(!;)) баруға болатыны шығады. Тағы да қосымша функциялары бар (адресті, ұйымның атын енгізу арқылы тұрған жерін картадан тауып алуға, маршруттың нөмірін енгізіп толық маршрутын көруге болады). Бұл жағынан Google maps-пен де ұқсастығы бар. ЗЫ. Керектеріңізге жараса мен мәзбін:) ЗЗЫ. Соңғы уақытта өзгеріп кеткен маршруттар өзгертілмей тұр әлі, ескі күйінде (41, 35 дегендер)
Авторы:
Karakyz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту