Банкомат ақша бермей қалса
2 күн бұрын шұғыл ақша керек боп қалып, карточкамды басқа банктың банкоматына салып едім 10 мың алайын деп. Ақша бермей қалды. Сосын ерінбей сол банктың банкоматына барсам, баланстан 10 мың шегеріліпті.
Ертеңіне банктың карт-сервисіне телефон соқтым. Олар тексеріп қарады, иә 10.000 + 350 комиссиясы блокта тұр екен деді. Блоктан шешіп, қайтадан өз есебіме түсіру үшін банктың кез келген бөлімшесіне барып өтініш жазуым керек екен.
Бүгін бардым, жаздым. Дәл сол күні сондай авариялық жағдай болып қалды деді менеджер, оны маған телефондағылар да айтты. Бірақ банктегілер де, телефондағы оператор да кешірім сұраған жоқ мұндай жағдай үшін. Ақша енді 10 күн ішінде түседі екен. Мен сияқтылар көп екен, менімен бірге бір жігіт өтініш жазды, әскери форма киген офицер екен. 73 мың ала алмай қалдым, ал сол күні пәтерақымды төлеуім керек еді деді. 10 күн ішінде қайтарылады дегенді естіген кезде банктың шешесімен жыныстық қатынасқа түскісі келгенін мәлімдеді.
Бұл мысалдың моралі: мүмкіндігінше басқа банкт банкоматына салмаңыз, осындай жағдай бола қалған жағдайда паника жасамай банкке барып өтініш жазыңыз.
P.S Есебімді сайт арқылы да қарап, басқарып отырамын. Телефон арқылы да бірнеше сұраққа жауап беріп, мен екенімді дәлелдедім. Сонда неге өтінішті де электронды түрде қабылдай салмайды екен деймін. Соншама уақыт құртқызбай. Сонда электронды қызмет деген не үшін керек?
