Ескі архив · 04.03.2011 16:45

Ер қаруы- бес қару

Осынау бос жатқан иен даланы түйенің қомы, аттың жалында жүріп бізге қалдырған бабаларымыз ер жігітте бес қару болу керек деп санаған.Олар :1. Садақ (кейін келе мылтық. Білтелі мылтықтар мен бердеңкелерді кеңінен пайдаланған). 2. Найза. 3. Қылыш. 4. Шоқпар. 5. Айбалта.Ату қаруына садақты, кесетінге – қылышты, шаншитынға – найзаны, шабатынға – айбалтаны, соғатынға – шоқпарды таңдап бес қару деп атаған. Садақ. Құлаты тауға қол салып, Садақтың оғын мол салып, Бетпақтың ен бір шөлінен Төтелеп жүріп жол салып, Қолды бір бастар ма екеміз?!-деп жырлайды Ақтанберді жырау. 2.Найза. Ақ найза қолда ойнаған толғамалы, Ақ сауыт, ақ берендер жолда қалды… -дейді ақын Маралтай. 3.Қылыш. Ат — жігіттің майданы, Қылыш — жанның дәрмені, Өлім — хақтың пәрмені. Атақты ермен бірге өлсе, Жігіттің болмас арманы.-дейді Махамбет Өтемісұлы. 4.Шоқпар. 5.Айбалта.
Авторы:
Abilakim

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту