Қыз Жібек - 2011
Кеше ЕҰУ студенттері арасында жыл сайын наурыз айында өтетін «Қыз Жібек — 2011» байқауы өтті. Бұл байқау қазақтың салт-дәстүрін насихаттау мақсатында былтырғы жылдан бастап ұйымдастырылып келеді. Ұлттық нақыштағы мұндай шаралар іш пыстырып жібереді деп ойлап қалмаңыз. Кеше залда, сенсеңіз, ине шаншар жер болмады. 4 сағаттық байқауды тік тұрып көргендер қаншама… Залға симай, сыртта есік теуіп қалғандар қаншама! Шабарманымызды алдын-ала жарты сағат бұрын жібергеннің өзінде, орынды орта жақтан алдық.
Байқау 4 кезеңнен тұрады:
1. Ұлттық киіммен сахнада жүру мәдениеті;
2. Таныстыру. Қатысушы қазақтың атақты қыздарының образымен өздерін таныстырады (міндетті түрле көмекшілері болады).
3. Қазақтың салт-дәстүрінен, ұлттық ойындарынан көрініс көрсету (әлбетте, көмекшілерінің көмегімен).
4. Өнер сайысы.
Қыздар, әрине, бірінен-бірі өтеді, бәрі шетінен өнерлі. Бірақ есімдерін есіме сақтап үлгермедім)) Атап өтетінім:
1. Не десең де, қазақтың ұлттық киімдері сондай әдемі, жалт-жұлт…
2. Таныстыруда Меруерт Өтекешованың рөлін сомдаған халықаралық қатынастар факультетінің студентінің таныстыруы әдемі шықты. Сонымен қоса «Махаббат бекетіндегі» Гүлназдың рөлін сомдаған, «Тақиялы періштедегі» Айшаның рөлін сомдаған қыздар езуімізге жымиыс ұялатты. Қыздардың бәрі әртістерден кем-емес, дикциялары тамаша.
3. Салт-дәстүрлерден қыз ұзатқандағы сыңсуды айтқан Дариға атты қыз бәрімізді жылатты))) Қыздың анасының рөліндегі студент те, басын шайқап қойып егілгенде, өліп түстік)))Сонымен қоса, «Орамал тастау» ұлттық ойыны да жақсы шықты.
4. Өнер сайысында киімін тез ауыстырып бірнеше биді қатар билеген инженерлік-құрылыс факультетінің қатысушысының нөмірі сәтті шықты. Оның үстіне, ол билеп жатқанда көмекшілері оның салған суреттері мен мүсіндерін әділ-қазылар алқасына ұсынды.
Әділ-қазылар құрамында ректордың төрағалығымен Фариза Оңғарсынова апамыз, Айнұр Тұрсынбаева, Досымжан Таңатаров т.б. болды. Олар үшін жеңімпазды анықтау оңай болмады деп ойлаймын. Әйткенмен ортақ шешіммен, бас жүлде (3 камералы тоңазытқыш) халықаралық қатынастар факультетінен Айдана атты қызға бұйырды.
пы сы: Былтыр бұдан да жақсы болған негізі)) (бұл менің жеке ойым).
