ВИТ-пен танысу немесе тренировкадан құсып жібердім...
Бүгін Жұмыс біткен соң, жаттығуларыма өзгеріс енгізбек болғанмын. Алдында Жоғары Интенсивті Тренинг Стероидсыз Бодибилдинг — деген бір кітапты түсіріп алып, ішіндегі жаттығу жүйелерін сынап көрмек болдым.
Сол кітапты оқып бастағаннан, «сен жаттығудан құсқың келетіндей күйге түсіп көрмесең, сен нағыз тренингтің не екенін білмейсің» деген екен.
Программаны қарасам, ішінде әр жаттығуға тек бір ғана подходтан екен.
Мысалы, салмақпен присед жасау — 10 мәрте-бір подход.
Ой әншейін ақ қой деп ойладым. Мен залда 4-5 подходтан ұратынмын.
Әрі қарай оқысам:
«Шынығудың ұзақтығы 45-минут, әрі кетсе 1 сағаттан аспау керек» дейді. Аптасына екі күн шыныққан дұрыс дейді.
Өй оңай ғой деп ойладым. Әдетте, мен залда 2-3 сағаттан шынығатынмын.
"Әр жаттығуды асықпай, техникасын сақтап, мейілінше баяу ырғақпен үздіксіз жасау керек." деген.
Темір көтергенде, бетіңді тыржитпау керек. Бір жаттығудан кейін екінші жаттығуға секіріп, арасында көп демалмау керек, Ыңқыл-сыңқыл керегі жоқ, дұрыс тыныс алу керек" деген сияқты ережелермен қаруланып, бүгін нар тәуекел деп шынығуды осы жүйемен жасадым.
Сізге өтірік маған шын, тиіп-қашып 4 жыл шынығып жүрсем де, мына жүйемен жаттығуларды жасай бастағанда, 20 минут өткенде жүрек соғысы екі есе жылдамдады, дем жетпей басым айнала бастады.
Бұлшық еттер өртеніп, ішіне қышқыл құйып жібергендей шыжғырып барады.
Ереже бойынша осылай аура бастағаннан кейін тоқтамау керек, тағы бір екі рет көтеру керек.
Сонымен, жігіттердің ең сүйікті, ең оңай саналатын «Бицепске штанга көтеру» жаттығуына келгенімде, демім таусылып, еттерім қажып, басым айналып тамағыма лоқсық келіп құсып жібердім.
Оңай емес екен. 45 минутқа сидыра алмадым. Бәрібір арасында сочкавайттап демалып қойдым бес минут.
Бұл тренингті американдық Рэгбишілер жақсы көреді екен, күш, төзімділік, жүрек пен дыхалканы шынықтыратын көрінеді.
