Ескі архив · 07.03.2011 23:19

8 Наурыз

Көктемнің төл мерекесі -8 Наурыз Халықаралық Әйелдер мерекесімен барша әпке, қарындас, ару қыздарымызды құттықтаймыз! Дендеріне саулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне жеміс тілейміз! 1857 жылдың 8 наурызынан бастап әлемдегі күллі еркектер бұл күні әйелдерге ерекше көңіл бөледі. Ежелгі Римдіктер көктемнің алғашқы айын әйелдер мейрамы деп таңдап алды. Бұл күні әйелдер қауымы сүйіктілерінен сыйлық алып, мәре-сәре болып жатады. Тіпті бұрынғы атам заманда да жарлы-күңдер де назардан тыс қалмаған. Мереке күні әр жерде демалыс жарияланып келеді. Ежелгі дәуірде әйелдер барын киіп, мерекелік көңіл-күймен шіркеулерге барған. Бүгінде біз бұл мерекені қалай бағалаймыз? Сауалнама нәтижесіне, көңіл бөлсек, 66 пайызы бұл-нәзік жандарға арналған мереке десе, 18 пайызы наурыз-көктемнің бастауы, 8 пайызы қосымша демалыс күні деп санайды екен. Бұл күнді қалай өткізуге болады? Қазір сауда жүйелерінен әйелдерге қажет нәрсенің барлығын табуға болады. Әлбетте-көптеген арулардың арманы-бой жазып, демалу екен… Әлеуметтік сауалнама нәтижелеріне сүйенсек, әйелдердің 20 пайызы елден оқшауланып, ұйқынмызды әбден қандырсақ деп армандайды екен. Ал, тұрмыс құрмаған қыздар сүйіктісінен « маған тұрмысқа шығасың ба?» деген ұсыныс күтері анық. Әйелдер күйеуінің ақша үнемдемей, тұрмыстық техника алып берсе екен дейді. Ерлерден бір қандай сыйлық күтеміз? Интернеттен алынған цифр көрсеткіштері мынадай: 1. құшақ-құшақ гүл– 31% 2. романтикалық сапар — 24% 3. тұрмысқа шығу туралы ұсыныс — 14% 4. масаймаған күйеу — 10% 5. қымбат әрі әдемі сыйлық — 6% 6. күйеуінің ажырасу туралы келісімі — 4% 7. қолдан жасалған сувенирлер -3% 8. ароматты иіссу- 2%
Авторы:
Huan

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту