Ескі архив · 08.03.2011 05:52

Юзердің жыры (Халық флэшкасынан)

Google міне браузерден ашылды Сөз жазылды. «Іздеу» деген басылды BENQ деген монитордың бетіне Мен қалаған мәліметтер шашылды Интернетте не жаңалық достарым, Қабылдаман таныс емес, басқаны Magent-ті қосып қойып шіркін-ай Mail.ru-дан тексерейін поштаны Содан кейін Gmail-ga кіремін Біреулерден хабар келген. Білемін. Біреулерге жауап жазып осылай Интернетте өмірімді сүремін Мен емеспін компьютердің дүлдүлі Жақсы Apple нәсіп болар бір күні Жаныма жай, құлағыма ұнамды Пернелердің шыныдайын сыңғыры Тауып берер, адам болсын, ай болсын Интернеттің көріп жүрміз пайдасын Бірнәрселер көргім келіп тұрғаны Youtube-пенен Kiwi шіркін қайдасың Ал Facebook көк аспандай фоның да Мың Вконтакте құрбан болсын жолыңда Жоқ болғасын сөйлесетін адамдар Аккаунт → Выход деп басамын соңында Wikipedia мәліметтің қайнары Іздесең тек сақадайын сай бәрі Twitter-ді ашайыншы қанеки, Білейінші адамдардың ойларын KerekInfo қабыл алар өлеңді Ойым болған жазайын деп көлемді Платаның даусы құлақ жарып тұр Ұйықтайын сілем қатып мен енді.
Авторы:
blackbeard

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту