Ескі архив · 09.03.2011 15:17

Былтырғы 8 наурыздағы өлең

Сегізінші наурыздың да таңы атты, СМС-ті достар қарша боратты. Арасынан көріп сенің атыңды, Маужыраған ұйқым шайдай ашылды. Гүлге оранып сала берді өмірім, Телефонға қарай бердім қуана. Небір сыйға ерімеген көңілім Тасып кетті, тағдыр неткен дуана?! «Мерекеңмен!» Бір-ақ ауыз жазғаның, Сол бір сөзің жүрек қылын қозғады. Көптеу жазсам, үміттенер дедің бе? Ал жазбауға мүлдем дәтің бармады… Авторы: мен
Авторы:
AKY

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту