Байқауға ұсынылған блогтармен таныс болыңыз!!!
Достар, блогкэмп таяп келеді. Онымен қоса қазақ блогтары арасында үздіктердің анықталатын күні де жақын.
Осыған орай, блогтар байқауының бірінші кезеңінің аяқталғанын хабарлағым келеді. Яғни, блогтар бәйгесіне қатысуға ниет білдірген блогшылардың тізімі анықталды. Енді байқау шарты бойынша бүгіннен бастап, сіздерге (блогкэмп қатысушыларына) олармен танысуға мүмкіндік жасалып отыр.
Барлықтарыңызды байқауға белсенді қатысуға шақырам. Белсенді болу дегеніміз… байқауда бар-жоғы сегіз ғана номинация. Әрбір номинация бойынша өздеріңіздің таңдауларыңызды анықтап қойсаңыздар. Блогкэмп болатын күні яғни, наурыздың 19-ы күні сіздерге кішігірім анкета ұсынылады. Сонда өз таңдауларыңызды белгілесеңіздер – алғысымыз шексіз!
Демеушілер жайында біраз ақпарат: бүгінгі таңда блогтар байқауына нокиа, hp, kcell сияқты ірі компаниялар демеушілік танытып отыр. Жүлде қорын сол компаниялардың өздері белгілейді. Олай болса, үздіктерді анықтауға көмектесіңдер!!! Іске сәт!
Ескерту: * — байқауға блог авторы емес, өзгелер ұсынған блогтар;
