Ескі архив · 10.03.2011 16:14

Жо-Тех жаңалықтары

Кеше Істеп Джобс өзінің табынушыларына iПҰТ-2 планшетінің презентациясын өткізді. Енді жамиғы дәруіштер онымен тек SMS жіберіп қана қоймай, тіпті кейде сөйлесе алады дейді. «Келесі өнімдерде тачскринді сенсорлы экран, 3G-байланыс, Wi-Fi және камера бола ма?» деп сұраған «PC World» американдық журналының тілшісіне, «жоғалнақ» деп жауап берді Істеп Джобс. *** Үйді өзі жинайтын, тамақ істеп қоятын, кір жуатын және онысы үшін ештеңе сұрамайтын роботтар бұрын арман еді ғой, солай ма? Әлі де арман ептібайымайд, тапқан екенсің тегін малайды, құрынақ! *** «е-Үкімет» идеясы бүгінгі шындыққа айналуда. «Лібә кетшінақ, сайттары көтті ашты...» деп ренжиді, кеше бастығының үстінен кент әкіміне e-арыз жазып, қызметтен қуылған юзер Томми Әбілқасым. *** Сиырларға GPS-навигатор орнатқан фермерлер дән риза. — Мал ұрлығы әрине, бәрібір азайған жоқ, — дейді фермер Тәслима Швайштайгер, — есесіне полицияға арызданған кезде «құлағында GPS-навигаторы бар!» деп, өзіңше болуға күшті, сосын менттер бірінші сенікін іздейді, жынды бірдеңе шығар деп. *** Кент тұрғыны Кәмілді өлтіргенін мойындаған Рза МакНамара бүгін босатылды. «Counter Strike-та өлтірдім дедім нақ, содан кейін оны көрген жоқпын, лібәдті» — дейді ол бізге берген сұхбатында. *** Флэшке Інжілді PDF форматта, крестті JPEG форматта көшіріп беріп, тұмар қылып сатып жүрген Дербісәлінің бизнесіне, шіркеуіміз діни баға бере алмай отыр. «Шешесс...»- дейді шіркеуіміздің нәйіб-падресі архиепископ Тихон Рәтбек. *** Бүгін кент тұрғыны Қанипа Зета-Жүніс ауласына «Майл-Агентке» импровизацияланған ескерткіш қойды. «Тапқаны-таптым, тек біреуі де үйленгісі келмейд» дейді ол қорс-қорс жылап. *** Жапондық «Toyota Motors» ең кішкентай флэш жасап шығарды. «Ау, сендер автомобиль шығармаушы ма едіңдер?» деген сұраққа, «Toyota Motors» менеджері: «лібә, енді ғалым сопақбастардың қолын кесіп алмайм ғой нақ!» деп жекіді. *** «Daewoo Electronics» өзінің «Matiz» сериясындағы кезекті автомобилін ұсынды. «Ау, сендер...» деп бастап жатқан тілшімізге «лібә, күн көру керек нақ» деп жекіді бір топ кәріс.
Авторы:
satibaldi

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту