Ескі архив · 11.03.2011 19:42

"Қазақстан президенті әйелдердің хиджаб киюіне қарсы" дейді...

Қайрааан БАҚ, МАСС МЕДИА или СМИ Оқып, көріп, жылап ал, кейде жыми. (Жылқышы Өзбек 2011 жыл) Бүгін Азаттық радиосы, Платон, Nur, Маса, Абай атты ақпараттық сайттары "Қазақстан президенті әйелдердің хиджаб киюіне қарсы" деген тақырыпта бірнеше мақалалар жариялады. Оқығыларыңыз келсе сілтеме мынау. Осы мақаланы оқып түйгенім, көптеген БАҚ өкілдері, оқу орындары Нұрағаның осы айтқанын негізге ала отырып өз шеңберінде хиджабты шешкізу операциясын бастап жіберетін сияқты болды. Осы орайда мынаны айтқым келеді. Нұрсұлтан Назарбаев жай ғана өз көзқарасын айтты. Қайталап айтам, жай ғана өз көзқарасын айтты (Әр адамның кейбір нәрселерге өз көзқарасы болатыны табиғи жағдай ғой). Заңға хиджапты шештіру мәселесінде өзгерістер болады деген әңгіменің иісі де шыққан жоқ. Сондықтан, Қазақстандағы әмме мұсылман қауым байбалаң салмай, (паника жасамай) сабыр сақтап, өз позициясымен әрі қарай жүре беруі дұрыс деп санаймын.
Авторы:
blackbeard

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту