Ескі архив · 13.03.2011 21:27

LOST -ты бітірдім ақыры

Кен орнында жұмыс істегенадамның жұмыстан кейінгі уақыты өтпейді. Бұл мәселені кешкісін қосылатын жарымжан интернет пен қаптаған фильмдер жартылай шешіп жатады. Сосын күнара қайта қайта отжиман жасай беретін түремшіктер сияқты жаттығулар жасап кешті өткізесің. Жақында тауысқан фильмдерімнің бірі әлгі Патик мақтаған LOST (Адасқандар- деп аудардым)- көпсериялы фильмі. Ағылшынша нұсқасын алып көріп едім. Әсеріммен бөлісейін дедім. Киноның қармағына түсіп қалмаңдар. Телевизорден білгілі дозасынан асырмай көрмеген соң және барлық дискілерін алып алып, ноутқа кезек-кезек салып отырғанда «тбаймайд, ең қызық жерінен бітті» деген сезім болмайды екен. Туф әрі қарай не болады екен? деген сезім де алғашқы серияларында болса, кейіннен ол сезім де әдіра қалып, әйтеуір чипсы таусылып, ұйқы келгенше көре бердім. Кино алғаш басталғанда әсіресе алдыңы сериалары «сұмдық, қызық, шытырман» оқиғалы фильмге үміттендіріп қояды. Кейін «Дом-2» ға ұқсас бірдеңе болып кетеді. Ақыры фильмнің әр кейіпкері бір рет болса да айтып көрген фразасы «What a fuck is going on here?» екенін білесің де, кейін өзің де ара-тұра аузыңдағы чипсың мониторға шашырағанына қарамай сол сұрақты қоя бересің. Бір сюжеттің үстіне бір сюжет, драманың арасына боевик, боевиктің арасына триллер, триллердің арасында ужастик, ужастиктің арасында реалити шоу көріп отырғандай әсерде боласың. Быламық, басты идеясы жоқ, өзегі жоқ, бүкіл фильмдерде қолданатын трюктар мен өмірде мүмкін емес сәйкестіктерді жалғап, байланыстырып «детективтік» «басқатырғыш» сияқты етіп баттастыра салған. Сөйте тұра актерлердің актерлік шеберлігін мақтар өтпеске болмайды. Әсіресе Сойер -деген қаһарман ұнады. Бірақ менің жағдайымда болсаңыз, пәленбай сағат уақытты бұтақ та теппей, босқа өлтірудің ең жақсы әдісі дер едім. Фильм біткенде ешқандай «послевкусие» немесе осында біреу айтқандай "ғибрат" қалмайды. Мұның қасында осыған ұқсас жанрдағы 3-курста универде оқытқан Уиллиам Голдберг (дәреті түзу христандар білетін болуы керек) жазған «Lord of the Flies» — (Шыбындар Төресі) — анағұрлым жинақы, мақсаты бар аллегориялық хикая ма дедім. Сурет: kinopoisk.ru
Авторы:
Gastarbaiter

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту