Блоггерлерді күтіп алу
Тойдың болғанынан боладысы қызық деп, БлогКэмпке 5 күн ғана қалды ағайын. Бір-екі күн айналасында алыста ағайындар пойызға отыра бастайды.
Ұйымдастырушылар түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылған шығар иа? Қанша дегенмен, алғаш рет ұйымдастырып отырғаннан кейін көп уайымдайды ғой. Дегенмен, бәрі жақсы өтеді деп сенемін!
Бұл бәріміздің алғашқы бас қосуымыз болғандықтан да бәріміз бірдей ат салысып, жақсы өткізуге тырысайық.
Алматы қаласы және алматылық блоггерлер сіздерді қуана қарсы алады! Алматыда жолыққанша құрметті блоггерлер!
Менің айтайын дегенім алыстан келетін қонақтарға өздеріңізді күтіп алу үшін мына кісілерге хабарласа аласыздар:
1. Димаш- qisyq.wordpress.com/- 8702 4901767
2. Жалғас- yertay.wordpress.com/- 8702 5467107
3. Мейіржан- kazprose.wordpress.com/- 8702 4661941- Қытайдан және Моңғолиядан келетін кісілерді күтіп алады.
4. Қуаныш- www.on.kz/u22984/blog/- 8 707 369 64 26 — Сайран арқылы келетін кісілерді күтіп алады.
5. Нұржан- kaztarih.wordpress.com/- 8700 4705713
6. Айкона- 12aikon1986.wordpress.com/- 8702 4257854- мен жалпы басшылық деп па :)))Күтіп алу жағынан.
1. Егер өз туыстарым, достарым күтіп алады деген кісілер болса осы жерге жазып кетсе дұрыс болар еді. 2. Келетін күндеріңізді, уақытын, түсетін орындарыңызды (т/ж вокзалы 1,2; Сайран, саяхат, аэропорт) осында жариялап қойыңыздар. Біз кімді-кім күтіп алатыны жайлы өзіміз бөліп аламыз.
