Бесік
Киіз үй туралы жазғанымда Гүлстан атты қыз өтініш білдірген екен. Енді сол қарындасымыздың яки апамыздың өтініші бойынша бесік жайлы сөз қозғасақ.
Бесік жайлы әркім әр түрлі пікір айтып жүр. Егер бесіктегі баланың бойы өспейтін болса еңгезердей бабаларымыз сәбіз жеп өсірді ме бойларын? Бесіктің бойға қатысы жоқ. Бесік ежелден келе жатқан мүлік болып есептеледі. Қазақтың ата салтында балаға бесікті нағашы жұрты әзірлеп әкеледі.
Бесіктің пайдалы жақтары:
1.Бесікке бөленген бала таза жатады.Қазіргі памперстер секілді баланың құйрығын сорып тастамайды.
2. Баланың қол аяғының түзу өсуіне септігі тиеді. Қазіргі балалардың жамбасына кергіш пе, таңғыш па бірдеңе салып жүргендерін көп көрдім ауруханаларда.Медициналық тілмен ол аурудың қалай аталатынын біле алмадым. Осының бәрі бесікке жатпаудың кесірі.
3. Бесіктен шыққан бала керіліп-созылып рахаттанады, балаға ол да пайдалы.
4.Бесікте жатқан балаға суық тимейді,қымтаулы жатады.
5.Бесіктің ырғақты тербелісі баланың психикасына оң әсерін тигізуі мүмкін.МОМП (менің ойым-менің пікірім)
6.Анасы баласына аунап кетіп жастыққа тұншығып қалды ма екен деп алаңдай қоймайды.
Бесіктің жабдықтары:
Бесік жабдықтары:
1.Бесік көрпе. 2.Жөргек. 3. Қол бау. 4.Құс жастық. 5. Құс төсек. 6.Тізе жастық. 7. Тізе бау. 8.Түбек.Шүмек.
Бесіктің құрылысы:
1.Алдыңғы басы. 2.Артқы басы.3. Белағаш. 4.Қайқы табан. 6.Жақтау.7.Тақтайша.
Баланы бесікке салу кезіндегі түрлі ырымдар мен дәстүрлер жетерлік.
Мүмкін мен құрылыстары мен жабдықтарын толық жазбаған да шығармын.Бесік жайлы білерім осы екен. Сөз соңында өзімнің бесікте жатқанымды, сондай-ақ ұлымныңда бесікке бөленгенін тілге тиек етпесем болмайтындай.Алла жазса әлі де бесігіміз тербеле берер…
«Ел боламыз десек бесігімізді түзейік» деп Мұхтар Әуезов бекер айтпаса керекті.
