КерекИнфодан пошта ашып ал, Мессенджермен сөйлес!
Сайтымыздың пошта қызметі ашылды. Яндекстің тегін пошта қызметіне байланды. Осы сайттағы никіңіз бойынша немесе басқа атпен өзіңізге пошта ашып алуыңызға болады. Пошта қызметінен бөлек Яндекстің мессенджер қызметін де пайдалана аласыз:
Алдымен Я.Онлайн программасын түсіріп аласыз, сосын пошта аккаунтыңызбен кіріп, тізімге достарыңызды қосып, сөйлесе бересіз. Тек Яндекс емес Google Talk, Livejournal, QIP қолданатын достарыңызды да қоса аласыз.
Ескерту: тек өз никіңізбен тіркеліңіз. Егер осы сайттағы қолданушылардың бірі өз аккаунтымен басқа біреу ашты деп шағымданатын болса, ол пошта аккаунты еш ескертусіз жойылады, сайттағы ник иесіне беріледі.
