Ескі архив · 16.03.2011 16:11

Тоны айналған өлең

Қарағандылық ақын Бағдат Мүбәрәк әріптесі ақын Серік Сағынтайға өз өлеңін оқып тұр дейді: Ақ қайың, қызыл қайың, сырлы қайың Қыз мұңайса басады, ұлды уайым Шашеке*, шақшамыз бос, ақшамыз жоқ Жарытпай-ақ қойды ғой бұл Құдайым. Сол жерде осы өлеңді Секең былай өзгертіпті: Ақ қайың, қызыл қайың, сырлы қайың Қыз мұңайса басады, ұлды уайым Шашеке*, шақшамыз бос, ақшамыз жоқ Бізді де оңдырмады бұл Гүләйім*. Шашеке-Шашубай. Аққайың әнінің авторы Гүләйім-Серік ақынның жұбайы
Авторы:
Abilakim

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту