Ескі архив · 17.03.2011 14:30

Егер де сіз Блог құрылтайға келе жатсаңыз...

Төмендегі мәліметтер пайдалы болар деп ойлаймын. Қай жерде өтеді? Блог құрылтай KIMEP-тің New Building деген ғимаратында өтеді. Сенбі күні сағат 9.30-да тіркеу әрі ең үздік блогтарға дауыс беріледі. Сондықтан сенбі күні таңертең сағат 9.30-да KIMEP-те болғаныңыз жөн. Қалай жетемін? Алматыға теміржолмен келетін болсаңыз, таксиді бір көше жоғары шығып, Райымбек батыр (ел аузында Ташкентская деп аталады) көшенің бойынан ұстаңыз. Бағасы 300-400 теңге арасы болады. Бірінші Алматы вокзалында болсаңыз, KIMEP-ке дейін такси ұстамағаныңыз жөн. Ертерек хабар беріңіз. Алматылық блогшылар күтіп алуға тырысады. Әйтпесе, автобуспен келесіз немесе таксиге 1500 теңгедей жұмсауға тура келеді. Қайда тұрамын? Егер құрылтайға тіркелгенде тұратын жерім жоқ деп көрсеткен болсаңыз, кейін біз сізге хабарласып, қонақ үй әзірлеп жатырмыз деген болсақ, ол Алматы қонақ үйі Қабанбай батыр мен Панфилов көшелерінің қиылысында орналасқан. Қонақ үйдің ақысы тек құрылтай күндеріне ғана төленді. Одан кейінгі уақытта қалатын болсаңыз, өз қалтаңыздан төлейсіз. Бос уақытты қалай өткіземіз? Жұма күні кешке Төле би мен Байзақов көшелерінің қиылысындағы Kermes деген ресторанда сағат 19.00-де жиналамыз. Алғашқы таныстығымыз болады. Ертесіне таңертең сағат 9.30-да KIMEP-те кездесеміз. Сол күні кешкі сағат 19.00-21.00 аралығында MegaIce мұз айдыны мен Воллейбол ойнауға барамыз. Бір мезетте екі жерде бола алмайсыз. Сондықтан кешке қайда баратыныңызды сенбі күні таңертең анықтап алғаныңыз жөн. Ол үшін тіркеу кезінде болатын арнайы параққа кешке қайда баратыныңызды көрсетесіз. Тиісінше, воллейбол ойнайтын болсаңыз да, мұз айдынына баратын болсаңыз да өзіңізге ыңғайлы киімді ала келгеніңіз орынды болар. KIMEP-тегі шаралар нешеде аяқталады? KIMEP-тегі презентациялар сағат 10.30-да басталып, 18.00-де аяқталады. Арасында сағ 13.00-14.00 түскі үзіліс болады. Күн райы. Алматының күн райы құбылып тұрады. Мәселен бір күні күн ашық болып тұрса, ертесіне жаңбыр жауып, соңы қарға ұласуы ғажап емес. Ең бастысы аяғыңызда ыңғайлы аяқ киім болғаны жөн. Қайда тамақтанамыз? Блог құрылтай барысында шайға үзіліс болады. Сол жерде шай іше аласыз. Ал түскі және кешкі асқа Алматы кафелерінде тамақтана аласыз. Кафелердегі тамақтың орташа бағасы 600-1000 теңге арасында. Презентация Презентациясының тақырыбын сенбі күні таңертең біз хабарлаған кезде барып, әркім ілулі тұратын кестеге жазып қояды. Кім бірінші болып үлгеріп жазса, сол жасайды. Ал кесте ішінде кейбір презентациялар алдын ала жазылған. Ол демеушілерге алдын ала белгіленген уақыттар. Блог байқау Оның нәтижесі жексенбі күні анықталады. Start up жобаларының грант иелері де сол жексенбі күні анықталады. Ал енді сұрақтарыңызды қойсаңыздар болады.
Авторы:
urimtal

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту