Ескі архив · 17.03.2011 20:35

Жасасын қазақша қазнет!

Ассалаймағалейкүм, жамағат! Тіркелгенім жаңа ғана, мұндай блог жүйесінің бар екенін білген емеспін. Қазтранслиттің сайтынан жарнамаларыңызды көріп қалдым. Осындай игі бастамалар, қазақша қазнетте молынан болса екен! Евижндегі Отансыз, қорқақ оңбаған надандармен ұрыса-ұрыса әбден сағым сынды. Бір-екі рет қазақша пікір жазып едім, тіпті пікір қалтырудан шектеп тастады. Келешекте бұл платформаның евижннен әлдеқайда танымал болатынына кәміл сенемін!
Авторы:
U001KZ

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту