Ескі архив · 22.03.2011 00:17

Блогкемптен соң "керекшілер "Афтапатиі" болды ма?

Алдынгүні qazaq.kz -тен бақылап отырып, Нұрғисаның арнауын тыңдап өзіміз риза болдық. Аршаттың әлдене айтып, энтузиргазмға түсіп тұрғанын көріп, туысқан көргендей болдым. Шенеуніктер аманаты мен Асхат Еркімбай блогкемпте бәрін шайнап, жұтқызып, бізге тек іш босатуды қалдырып, «сауатсыз» блогерлерге арнаған ликбезі басым болады ма деп едім, жоқ, өзі суреттеген жоғары деңгейде, өзіне тапсырылған бөлігін өте жақсы атқарған екен. Бастапқы скептицизм үшін ғафу ет. Суреттер мен видеода, ең бірінші көзіме түскені, керекшілердің осы жиында жиналғандардың мұңайып бұрыш бұрышта көрермен болғызбай, зеріктірмей, басқалардың емін еркін сезінуне әсер еткен бейформалдылық нағыз өзегі, позитивтің қайнар көзі болғандығы. Жалпы тіпті ең негатившіл қиблогердің өзі өзін қиблогерден бір саты жоғары екенін, біреуге керек екенін, ел назарында екенін, сол себепті жазған-жаратқанына жауапкершілікпен қарау керектігін сезінген күн болған екен. Одан кейінгі қызығы, айдалада отырып, Үздік Коментодрочер кешірерсіздер Коментострочер атанып қалғанымызды біліп, бір жағынан қуанып, бір жағынан ишаратты түсінгендей, «сыболыштар» деп бір ыржаңдап алдым. Афтапати болды ма соны айтыңдаршы. Ешкім ренжімей, той төбелесессіз бітті ме? Әлде хай-вай шығарып, реніш айтқандар да болды ма? Оны айт та, мұны айт Әйгерім мен Гүлшатты иыққа салып*)), Патик, Аршат, Айсұлтан, Қисық, Омар, Сотвальдомен масаңғырап, балаган жасау кәйпі бұйырмағанына и-и-и-йт шешестің, обшым іш күйіп, сыздайтын жердің бәрі сыздап бітті… нақ несін айтайын. пикча көзі:http://news.cnet.com
Авторы:
Gastarbaiter

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту