Ал сіз сайлауға қатысасыз ба?
Бүгін Алматыдан келіп компьютерімді көріп, сағынып қауыштық. Жүзінде бір мұң бар секілді, мені де сағынып қалыпты. Хе-хе-хе ))) Айтайын дегенім ол емес еді…
Өркен ағамыздың презентациясынан сабақ алып, қолданушыларды мақалаға тарту мақсатында осылай сұрақ ретінде пост тақырыбын қойдым. Бірақ мен ұсынғалы видеоның сайлауға қатысы бар. Хе-хе-хе!
Бірінші ретте мына видеоларды іздестіріп тауып алдым, Алма-қалада дұрыс көре алмаған едім. Сәкен ағамыздың тағы да сапалы бір құнды дүниені түсіріпті. Жасап жатқан дүниелері шетінен жүректің төрінен орын алады. Сіздер де көріңіздер, сіздерге де ұнайды. Оған шүбам жоқ.
Ал мынау видео қалай түсірілгендігі туралы видео. =)
