Ескі архив · 24.03.2011 00:43

Блог құрылтай бітіп қалды ма?

Білмеймін. Жұрт жазып жатыр, жазып жатыр. Ал мен компты ашып, ішіндегі Blogcamp деген папканы көрген сайын млмл (© altygradus) боламын. Жұрт қатарлы неге маған бұл құрылтай әдемі болып көрінбейтініне таңмын. Келгендердің барлығы шынымен де көзге абажадай болып көрінген кемшіліктерді байқамағаны ма деймін. Әлде шынымен де жұрт айтқандай бәрі тамаша өтті ме… Общым, мен әлі түсінген жоқпын. Ризамын Себебі біреулер үшін Құрылтай аяқталғанымен мен үшін алда үлкен таудың төбесі қылтиып тұр. Бұл құрылтай жұмысы бәрімізге де сынақ болды ғой. Әзірлік жұмыстарында бір-бірімізді жақыннан тани түстік. Ың-шыңсыз түсіністік. Соған ризамын! Суретте: Блог құрылтайдың «Барбаросса жоспары» Ұсыныс Осы бастан мүмкін болса, Блог құрылтай қорын ұйымдастыруды ұсынамын. Блогшылардың біреуге алақан жаймай, ұйымдасқан істерінің шығындарын өздері өтеп жатса ғанибет. 11 ай уақытымыз бар. Ай сайын 500 теңгеден (инфляцияны да ескеру керек шығар...) жинап отырсақ, грантқа немесе өзге де ұйымдастыру жұмыстарына қажетті соманы өзіміз жинай аламыз деп ойлаймын. Осыған келіскен болсақ, оны жүзеге асыру механизмдерін ойластыруға болады. Немесе әрбір қатысушыға қажетті заттардан не керек екенін айтсақ та болады. Осы жолғысында әрбір блогшы мойнына атқарылған іспен қатар, заттай бір шығынды да өзі көтергенін біреу білер, біреу білмес. Сабыр Келер жылғы құрылтайдың сәтті өтуі бір кісіге сенім білдіруде, әрі оның тапсырған ісін түсініп атқаруына байланысты. Болмады емес, небір провокаторлар, т.с.с. болды ғой. Қазір де ондайлар бар. Онсыз болмайды. Дүние заңдылығы сол. Ондай кедергілерге назар аударып та керек емес немесе шама келсе дәл сол сәтте түбінен қопарып түсу керек. Оның үстіне біздердің әртүрлі екеніміз бесенеден белгілі. Бірақ ортақ іске келгенде компромиске бара алатынымызды түсіндім. Лайым, түсіністігіміз арта берсін! Кішкентай кедергі Ең үлкен кемшілік — құрылтайға соңынан қосылған, тіркелмей келгендердің blogcamp форматын түсіне алмағандарында. Құрылтайды ұйымдастырушылар бар деп түсінгендерде (БАҚ немесе көпшліктің олай түсінуі дұрыс. Бірақ біздің жоспарда тіркелгендер түйсінуі тиіс болатын). Әрбір адам өзі бір істі мойнына алып, соны атқарса, шағымдануға мұршасы да болмас еді. Әрі өзіне бөлінген істі дұрыс атқарып алмай, өзгеге артын ашып күлмес еді. Астаналықтар қазірдің өзінде біз бұны қалай өткіземіз деп отыр екен. Түптеп келгенде өтетін орны ғана өзгереді. Форматы өзгермейді. Келесі жылғы Блог құрылтайға қатысқысы келген адам шақырылмайды, құлақтандырылады. Өзі тіркеліп, жұмысты мойнына алады. Тек үйлестіріп отырса болғаны. Астаналықтарға бұл жерде ешқайсымыз да салмақ салмауымыз тиіс. Әрқайсымыз сол жаққа (Бурабай, инш!) барып, құрылтай өткізуіміз керек. Осы бастан сондай ойда болғанымыз жөн. Ниет "Құрылтайға бірінші кезекте оны ұйымдастыру үшін келдім, сосын қатысу үшін келдім" деген оймен келе сала, қым-қуыт жұмысқа бел сыбана кірісіп кеткендерді көргенде кәдімгідей қуанады екенсің. Аз уақыттың ішінде не болып, не қойғанын аңғара алмағандарға еш реніш те жоқ. Бәрі бірдей түсініп кетуі мүмкін емес қой. пысы. Келесі құрылтайға 11 ғана ай қалды. Алматылықтар жиналып, келер жылға жоспарларды пысықтап қойдық. Тағы бір Барбаросса жоспарын әзірлеп жатырмыз. Ал сен ше?
Авторы:
urimtal

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту