Рухани мүгедектер
Құрылтайдың бірінші түнінде осында жарияланған реніш толы бір мақала басқалардың да жүйкесін жұқартты. Орыстардың бір платформасында жарияланған бір мақала туралы болатын ол. Бұл мәселе үлкейіп кетпес үшін бұл тұрғыда өз ойымды айта кетейін.
Ең алдымен ол мақала қайда және кім жариялады, оны қолдағандар кімдер?
Мақала орыстардың блог платформасында жарияланды, жазған да қолдайтындар да орыстар. Олар үшін өздерінен басқаның бәрі мәмбеттер. Құрылтайға қатысқандар да, сондағы тірліктер де, тіпті логотиптің өзі мәмбеттерше жасалған. Өйткені интернет қазақтарға жат нәрсе деп санайды, өздерін мықтымыз деп санайды. Гаста айтпақшы менің ойымша бұл комплекс. Олар былай қарасаң не орыс емес, не қазақ емес. Орыстарға еліктеп, Рунет «заңдары» бойынша жүргілері келеді. Рунеттің Қазақстандағы бір бөліктері екенін түсінбейді. Орыстарға қатты еліктесе де олар бәрібір орыстар үшін мәмбет екендерін білмейді. Олар рухани мүгедек, жарымжандар.
Неге рухани мүгедек?
Мүгедек, жарым жан деп кімдерді айтамыз? Денелерінің бір мүшесі кем адамдарды айтамыз. Әдетте нақты дене мүшелері немесе ішкі құрылыстағы мүшелері кем адамдарды айтамыз. Менің ойымша көзге көрінбейтін, ойлау, ми жұмысы, ар-ождан, намысы кемдерді де мүгедектер қатарына жатқызуға болады. Бұлар денелерінде намысы жоқ адамдар. Намысы бар адамдар өз елін, ұлтын сыйлар еді. 20 жылда тілін, қазақ болуды үйренер еді. Сол кемшіліктерін жасыру үшін интернетте өздері сияқты рухани мүгедектер қауымдастығын құрып алған, өздерінен басқаның бәрін мәмбет деп жазғыруды ғана біледі. Ал, шын мәнінде өздері мәмбет, мәңгүрт, намыссыз, орыстардың чуркалары екенін білмейді. Мұндай адамдардың сөзіне мән беріп, оларды одан сайын мәз қылғанша игнор жасауды ұсынамын. Ол сайтқа мүлдем кірмей, жазбай кетіңдер. Игнордың күші мықты болады, тексерілген.
