Тұңғыш рет, бірінші болып...
Тағы да “Блогкэмпті” сөз қылады деп ойлап қалмаңыздар. )) Өркеннің тақырыбын ұрлап алдым. Басыма осы тақырып қайта-қайта келіп тұр. Тұңғыш рет деп Азия клипін қазақша субтитрмен, бірінші болып бізге Жанна (Алтыградус) ұсынып отыр. Орыс сайттарында орысшаға аударылған клиптер жетерлік. Ал қазақшаға аударған әлі ешкімді көрмеппін. Біз де елден қалысамыз ба? ))
Сіздер үшін бұл жәй дүние шығар, бірақ видеоға субтитр жасау деген оңай шаруа емес. Ол үшін біраз жұмыс атқарылады. Арнайы программа керек, таймсеттер керек. Біраз еңбектенуді қажет етеді.
Жанна өзі жапонша да түсінетіндіктен әннің мағынасы жақсы жеткізілген деп ойлаймын. Бұл ән THSK (DBSK) тобының “Неліктен?” деп аталатын әні. Сазы да керемет. Очм, тамашалап көріңіздер.
Пы.Сы. Осы топ екіге бөлініп кетіп еді, ескі құрамы ма, әлде жаңа құраммен айтып тұр ма Жанка өзі ақпарат беріп кетер )
