Ескі архив · 26.03.2011 21:27

Генератор жасап көрейік

Генераторды – өздігіңнен жасап көр Менің электростанциямдағы ток көзі асинхронды генератор болып табылады. Ол кәдімгі бензинмен оталатын екіцилиндрлік ауамен суытылатын қозғалтқыш(двига-тель) УД-25 (3000 айналым/мин). Ал енді, сол асинхронды генератор ретінде ешқандай өзгер-тусіз үйреншікті айналу жылдамдығы 750-1500 айналым/мин және қуаты 15 кВттық асинхрондық электрқозғалқышын аламыз. Асинхрондық генератордың айналу жиілігі қалыпты жағдайда қолданып отырған электрқозғалтқыштың номиналдық (синхрондық) айналым санының шамасынан 10% артық болуы керек. Ол үшін — электрқозғалтқышты электр жүйесіне тек өзін ғана қосу (холостой ход) арқылы тахометрмен айналым жиілігін өлшейміз. Назар аударатын нәрсе — қозғалтқышпен генератор арасындағы таспалық байланыстың (ременная передача) салдарынан генератордағы айналым санының төмендемей, жоғарырақ болуы. Яғни, мысалы айналым санынның номиналдық шамасы 900 айналым/мин болатын электр қозғалтқыш – жеке өзінше(холостой ход) 1230 айналым/мин береді екен. Мұндай жағ-айда таспалық(ременная передача) қатынас генераторды 1353айналым/мин бере алатын-дай болуы керек Менің қондырғымда асинхрондық генератордың орамдары(обмотка) «жұлдызша»(звезда) әдісімен жалғанған және 380 В тық кернеу бере алады. Асинхрондық генератордың номи-налдық кернеуін(напряжение) сақтау үшін әрбір жеке фазалардың арасындағы сыйымды-лықты яғни конденсаторларды дұрыс таңдауымыз керек.(Барлық конденсаторлар бірдей). Ол үшін (керексыйымдылықты дұрыс таңдау үшін) мен төмендегі кестені қолдандым. Тәжірибе жинағанша құрастыру барысында конденсаторлардың қызу — қызбауын сауса-ғыммен тексеріп отырдым. Кондесаторларды қатты қыздырып алмау керек. Егер қызса қосылған кондесатордың сыймдылығының тым үлкен болғаны жайлы мәлімет деп түсіну керек. Генератор қуаты, кВт Сыйымдылық, мкФ 2,0 60 3,5 100 5,0 138 7,0 182 10,0 245 15,0 342 КБГ-МН немесе басқа типтегі 400 В кернеулікке арналған конденсаторлар жарамды бол-мақ. Генераторды өшірген кезде кондесаторларда электр зарядтары қалатындықтан қау-іпсіздік шараларын қолдану керек. Яғни конденсаторларды мұқият қаптау керек. Тұрмыстағы күнделікті қолданатын 220 В.тық электрқондырғылармен жұмыс істегенде, төмендеткіш трансформаторды (ТСЗИ 380Вті і 220Вқа ауыстырады) қолданамын. Ал енді кейбір жағдайларда электростанцияға 3 фазалық қозғалтқыш қосқан кезде, бірден қосылмауы мүмкін. Мұндай кезле бірнеше рет (қысқамерізімдік) қосып өшіру арқылы немесе қолмен айландыру арқылы бастапқы жылдамдықты берсек жеткілікті. Стационарлық асинхрондық генераторлардың осындай түрлерін үйді жылытуға қолдануға болады. Жанармаймен оталатын қозғалтқыштың орнына генераторды айландыру мақсатында — желдік қозғалтқышты немесе үй маңайындағы кіші гірім жылғаға орнатылған трубинаны қолдануға болады. Кезінде Чувашиядағы «Энергозапчасть» зауытында шығатын қуаты 1,5 кВт генераторлар(микро-ГЭС) осы асинхрондық электрқозғалтқыштардың негізінде жасалатын. Нолинск қаласының өнертапқышы өзінің желдік қондырғысында(ветроустановка) генератордың орнына асинхрондық электқозғалқышын қолданған екен. Мұндай генераторларды қозғалсықа түсіріп ток алу үшін мотоблок, минитрактор, мотороллера қозғалқышында қолдана беруге болады Өзімнің элетростанциямды кішігірім бір осьтік тіркеме-рамаға орнатып алдым. Шаруа барысында керекті электқұралдарымды алып іске кірісе беремін. Роторлық шалғымен шөп шабамын, электротартқышпен(тягач) жер жыртамын. Мұндай жұмыстармен айланысу үшін станциямен бірге өзіммен төрттрмақтык КРПТ кабельді катушка алып жүремін. Кабельді катушкаға орау кезінде соленоид болып қалмауын қадағалау керек. Ондай жағдайда кернеу нашарлай береді. Ол үшін кабельді алодымен екі қабаттап алып сол бүктелістен бастап катушкаға ораған абзал. (Фрагмент статьи, опубликованной в журнале «САМ», №2, 1995 г.)
Авторы:
KILYZAMAN

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту