Ескі архив · 26.03.2011 23:08

Шкафтағы скелет

Бұл жазбаны жазуға сенімділік берген Қылизаманның мына тақырыбы еді. Мұны жасау аса қиын емес. Қажетті компоненттер: көнетоз шкаф, қартамыс көңілдес. Қытайлық он саусағынан және сонша башпайынан өнер тамған шеберлер көңілдесіңнің қайтыс болғанын күткіңіз келмесе, жергілікті мәйітханалардың көмегіне жүгінуді ұсынады. «Шүкір, шахта мен жолда мерт болатындар бұ күні тірілерден көп» деп сақ-cақ күледі паталоганатом Ху Циань. Рас, классикалық үлгідегі өз көңілдесіңнің скелетіне не жетсін! Бірақ бәзбіреулер қара топырақсыз көкөніс өсіріп жатқан ит-шошқа заманда скелетті мәйітханадан ала салған да тез заманның жылдамдық талабына сай сияқты.
Авторы:
satibaldi

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту