Ескі архив · 27.03.2011 15:56

16 күн!

Иә, бұдан кем де емес, артық та емес. Тура он алты күн керек бізге Қазақстандағы әр интернет қолданушыға жеке блог бастату үшін. Қалай санадым десеңіз, қарапайым математика арқылы. Қазіргі таңда елімізде үш жүздей блоггер бар. Төрт миллион интернет қолданушы бар. Егер белсеңді блоггерлер санын жүз елу деп алсақ, әрқайсымыз бүгін бір досымызға блог бастауды үйретсек, ертең біздің санымыз 300 болады, арғы күні — 600, одан кейін — 1200. Солай келе-келе 16 күннен кейін Қазақстандағы блоггерлер саны 4915200 болады. (калькулятор алып, тексеріп көріңіз.) Егер де күніне емес, аптасына бір адамға үйретсек, онда 16 апта керек болар. Бұл 4 ай деген сөз. (Онда келер жылы құрылтай өткізетін жер таба алмаймыз ғой деймін). Әрине, бұл — мәселенің теориялық жағы ғана. Оның сыртында кері әсер ететін факторлар да бар: уақыт жетіспеушілігі, пікірлерімен жұртпен бөліскісі келмейтіндігі), т.с.с. Блог жүргізудің пайдалары көп. Оны жаза берсем, бітпейді. Мысалға, мұғалімдер үшін: оқушылармен сабақтан тыс байланыс және қашықтықтан қосымша материал беру мүмкіндігі, журналистер үшін: белгілі бір хабарды газет немесе журналдың баспаға шығуын күтпей, дереу оны халыққа жеткізу сияқты және т. б. Сол үшін қолымыздан келгенше білгенімізді басқаларға жеткізейік, достарымызға блог бастатқызайық. Олар өз таныс-достарына үйретсін. Сонда біраз блогшының пайда болуына себепкер боламыз. Негізі осы айтайын дегенім. Айтпақшы, бүгін, яғни кеше, гимназиямыздың физика мұғалімі, Әлия Жүсіпбекова блог бастады. Сурет: мына жерден алынған
Авторы:
talgatjez

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту