Бәкі
Баяғы ата-бабаларымыз (баяғы болғанда қазіргі жетпіске жеткендерді де қосуға болады) қонышына кездік, бәкі салып жүретін болған екен. Онысы екіталай күн туса қару, қонаққа барса ет турау үшін. Қазіргідей пышақ күтіп отырмаған.
Бәкісін шығарған да турай берген ғой жарықтықтар…
Ауылға барған кезімде атам «Жігіт адамның қалтасында бәкі жүруі керек, ет турасаң да, көшеде біреу тиіссе де» дейді. Ол кісіге суық қару ұстауға болмайтынын түсіндірген болдым өзімше. Сіздің қалтаңызда бәкі жүре ме? Қонақтарда ет турайсыз ба(бәкіңіздің болу-болмауы шарт емес)?
