Ескі архив · 28.03.2011 09:18

Ақиқат ауруханада жатыр, Ақзере...

Өзімді тегі керемет періштемін демеймін (Ақзере) “ Астарын ақтарамыз” деген тақырыпта Анар ханым ашу шақырыпты. “ Керекинфоға” ілінген материалды керек болса, оқып аларсыз. Әңгіме КТК арнасында көрсетілетін «Астарлы ақиқат» (орысша нұсқасы «Другая правда») бағдарламасы туралы боп тұр. Ұят енді. Журналистиканың дамығаны жөн-ақ. Дегенмен, дәл осы шокотерапиядан басқасы құрып қалып пе екен деймін ғо… Журналиспін деп жер тепсінемін-ау, телебезерде жаңалық қалай жасалатынан хабарым жоқ. Мүмкін, рейтинг деп жандарын алардай жұмысқа қинар. Алайда, “ мүмкін, мүмкін” дегенмен экрандағы тірліктері еш ақтауға да, көктеуге де келмейді. Былтыр осы бағдарлама шыға бастағанда, соны леп екен деп сүйсінгенмін. Ал, “қазақ порносы” деп әлгі анайылықты әдейі көрсеткенде, қаным басыма бір-ақ шапты. Көрсеткен күннің ертеңіне “ Халық сөзіне” “ Прайм-таймда… порно көрсетті” деп ашынған да болатынмын. Ақпаратты боямасыз көрсетеміз дейтін бағдарлама адамның өңешіне қыл салып, алдына шелек қойып құстыруға арналғандай көрінді. Бірде бет-аузын мылжа-мылжа қылған, тәніне 30 рет пышақ сұғылған бейшараның өлігін көрсетті. Бір көрсетсе мейлі… бірақ, бірнеше рет көрсету көрермен тарту тәсілі емес, оны сыйламау, я не берсе де бас тартпайтын нәумездің қадірінде қадірлемеу деп білемін. Бұның шокотерапияның қай бабына жататынын да біле алмадық. Бірақ, ҚР ҚК-нің 273-ші бабына жатады-ау деген ұят көріністі ұялмай, «Другая правдада» көрсете салды (“ Ақиқаты” да көрсеткен, өз басым Шахматовтікінен көргем). Прайм-таймда. Бала-шаға көрмесін деген ескертуі де естен шығыпты. Қазақ газеттері қаламмен жазған «алғашқы қазақ порносын» алды да, үзік-үзігімен бере салды. Көзіміз шыққыр бір-бірімен әуейі болып жатқан «қазақтардың» (жүргізуші осыған баса акцент береді) алдымен 69 позасында, одан кейін классикалық м… болып жатқанын көрді. Сонда осыны да КТК экрандық эротика дей ме? Егер бағдарламаның мақсаты «бұлтартпасыз ақиқат» болса, оған жетіп тынды. КТК.… қазақтың артын ашты. Жарайды, сөз толғатудан жарысқа түспей-ақ қояйық. “ Астарлы ақиқаттың” жүргізушісі Дина Төлепбергенмен болған сұрақ-жауапты жариялайын деп едім. Әрине, Дина әріптесіме қояр кінәм жоқ, жұмысы солай болар (сөздері бұрмалаусыз берілді)… Ө.К: Бала-шаға, ата-ана, жас пен кәрі бірдей көретін сенбіде, прайм -таймда ашықтан ашық порнодан үзінді көрсеткені қалай? Эротика деп ақталудан бұрын, бейнеде көрсетілген ұятсыз (сексте ұят болып па өзі?)екі позаны порно демей, не дейді? Д.Т: Алдымен, эротика мен порноның айырмашылығын біліп алайық. Эротика дегеніміз, сексуалды эмоцияны білдіру өнері. Андрей Беллолидің атақты «Шомылушы» картинасы - бейнелеу өнеріндегі эротикаға жарқын мысал. “ Астарлы ақиқатта” көрсетілген бейнені эротикаға жатқызуға болады. Бірақ, ол порно емес. Порнография дегеніміз – жыныстық қарым- қатынасты ашық көрсету. «Астарлы ақиқатта» жыныстық акт көрсетілген жоқ. Бейнеге түскен арудың әдемі төсі, саны көрсетілді. Бірақ, акт барысы экранға шыққан жоқ. Егер, ең қызығын көрсетпегеніме ренжіп отырсаңыз, Өркен Кенжебек мырза, кешіріңіз, мен еліміздің Ата-заңын құрмет тұтатын азаматпын. . Сіз 69 дегенді айтып отырсыз. Ол не дегеніңіз? Мен ондайды «Астарлы ақиқаттан» көргенім жоқ. Қыздың жігіттің астында жатқанын көрдім. Бірақ, не жасағаны маған көрінбеді. Сіз, құрметті тілші, бағдарламада көрсетілген бейнеге құмарыңыз қанбаған соң, өзіңіз әлгі дискті сатып алып, түпнұсқасын көрген шығарсыз. Әрине, ондай жағдайда, бұлдыр бейненің ар жағында не жатқанын елестету Сізге қиын емес. Ө.К: Бекболат… Тағы да қазақтың қазақты масқаралап тұрғанына Бекболат ағамызды кінәлаймыз ба? Д.Т: Мен үшін эфир құдіретті. Айтқан әрбір сөзіме жауап беремін. “ Астарлы ақиқатта” айтқан сөзім мынандай болды: «Ұятсыз бейнені көрсетті деп, сөкпеңізші мені, Бекболат аға! Егер «ойбай, жұрт естімесін» деп жабулы қазанды жауып қойсақ, бұдан да зорын көріп, екі көзіміз сонда шығар. Естуімізше, сол сапасыз дискілерді жастар жапа тармағай сатып алуда, яғни сұраныс бар. Ал сұранысқа, ертең орасан ұсыныстың болмасына кім кепіл?» Клоун деген сөз бар ма мұнда? Айтылды ма? Құрметті журналист, Сіздің қиялыңыз мықты екен! Бәлкім, Сізге Лор немесе көз дәрігеріне барып көрінген абзал болар. Сіздей журналистер біздің елімізге өте керек. Денсаулығыңызды күтіңіз! Меніңше, ұлтттық намыс тақырыбын көтеріп, ұлттың болмысына алаңдап, шырылдап жүрген депутаттың бірден бірі – Бекболат Тілеухан. Бұл сұмдықты тоқтатуға оның ғана қауқары жетеді деген сеніммен айтылған сөз еді ол. Менің сеніміме селкеу түскен емес. Мен әлі де ол кісіге сенемін! Мақала сілтемесі: http://orkenegro.wordpress.com/2011/03/27/%d0%b0%d2%9b%d0%b8%d2%9b%d0%b0%d1%82-%d0%b0%d1%83%d1%80%d1%83%d1%85%d0%b0%d0%bd%d0%b0%d0%b4%d0%b0-%d0%b6%d0%b0%d1%82%d1%8b%d1%80-%d0%b0%d2%9b%d0%b7%d0%b5%d1%80%d0%b5/
Авторы:
Orkenegro

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту