Ескі архив · 28.03.2011 19:38

Колорад қоңызынан құтылудың суперәдісі...

Литрлік банкі толғанша ересек қоңыздарды жинап алу керек. Енді 20 л ыдысқа осы теріп алған зиянкестерді салып үстіне су құямыз да аузын жауып тастаймыз. Қоңыздар өлсе де су бетінде біраз қалқып жүріп ақырында су түбіне шөгеді. Барлық қоңыздар түбіне шөккеннен соң бір апта күтіңіз. Бір аптадан соң қоңызға қарсы «у» даяр болады. Бірақ бұл пропорциядағы «у» тым күшті. Су қоспай қолдансаңыз картопты күйдіріп аласыз. Сондықтан 3 жарты литрлік банкіге біраз «у» құйып әр ыдысқа әртүрлі пропорцияда су қосыңыз. Біріншісін (1:1), екішісін (1:2), үшіншісін (1:3). Енді тәжірибелік түрде сіздегі картоптың сортына қай пропорцияның дұрыстығын анықтауға болады. Тек қай түбірге қандай ыдыстан сұйықтықты сепкеніңізді шатастырмаңыз. Бір анықталмаған нәрсе осы даярланған суйықтықтың сақталу мерізімі. Уақыт өткен сайын оның әсері күшейеме, жоқ әлсірейме тексермедік.
Авторы:
KILYZAMAN

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту