Ескі архив · 28.03.2011 23:20

Ұмыттың ба? (Б.Жамбозов)

1.Бал-бұл жанып жүздеріміз, Жан емес пе ек, біздер егіз? Жастық шақтың еншісіндей, Жатыр сайрап іздеріміз. Қайырмасы: Елеңдеумен хабарыңа, Жас іркілді жанарыма, Тағдыр бізді жақындатпай, Алыстатып барады ма? Жауабы жоқ сұрақтың да, Қалам жиі тұнып мұңға, Мүмкін емес ойламауың, Шынымен-ақ ұмыттың ба? 2.Үміттің шын солғаны ма? Шашқа қырау қонғаны ма? Кездеспей-ақ кетеміз бе, Өмір атты жолда мына? 3.Күндер қайда алып-ұшқан Жүрсің күнім сен қай тұста? Сезімдерім тамшы болып, Айналғандай сағынышқа…
Авторы:
AKY

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту