Geogebra
Жаңа заманның математиканы оқытудың жаңа технологиясы ретінде әлем бойынша танылған бұл бағдарлама бізге енді келіп отыр. (әкеліп отырмыз:)) Қазақша нұсқасы болмағандықтан Қазақстанда бұл бағдарламаны қолдану тиімсіз болып отыр.Басқа елдерге қарасақ, олар өз тілдеріне аударып алып, математиканың қызығын көруде. Қазіргі таңда тегін таратылатын осы бағдарлма әлемнің 49 тіліне аударылған.Біз басқалардан кембіз бе? Біз де аударалық. Біз болмасақ, інілеріміз, бауырларымыз, балаларымыз ғылымдардың патшасы-математика екендігіне көздері жетсін!
Блогкемптегі старт-ап презентациясы барысында екі-үш адам болып қосылсақ, Геогебраны екі айда аударып бітіреміз деп сөз бердім. Алайда Қостанайда математиканы, информатиканы, қазақшаны һәм ағылшаншаны білетін адамдар кемде-кем.
Қысқасы, Көмек Керек! Кейбір сирек кездесетін термин сөздердің қазақша баламаларын таба алмай отырмын! Араларыңызда ағылшын мен қазақшаны білетін адамдар бар екенін байқадым. Сол үшін білгендеріңмен бөліссеңіз, алғысым шексіз!
Ал кеттік, бірінші кезең: келесі сөздердің қазақшалары қалай?
arrow-
application-
mouse-(тышқан ба, тінтуір ме?)
drag and drop-
worksheet-
export-
Сурет мына жерден алынды.
