Ескі архив · 30.03.2011 14:32

Шекарашы мен блоггер

Бірде артына оқиға іздеп жүрген блоггер шекара заставасына барыпты. Интернетке шығарамын деген соң, офицер қуанып кетіп блоггерге заставаны таныстырып жүр екен: — Мынау біздің казарма, мынау питомник, мынау дабыл сигнализация жүйесі… Блоггер: — Мынау ше? Офицер: — Бұл ма? Бұл — біздің блокпост! Блоггер: — ООО! Сіздер де блогқа пост жазасыңдар ма? — деген екен.
Авторы:
patick

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту